Перейти к содержимому

Наурыз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында мектебімізде ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

  • автор:

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында мектебімізде ұлттық ойындар ұйымдастырылды.Оқушылар арқан тарту, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындарға белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.Шара барысында ұлттық рух пен бірлік айқын сезіліп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында халқымыздың асыл мұраларының бірі – табақ тарту дәстүрі таныстырылды.

  • автор:

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында халқымыздың асыл мұраларының бірі – табақ тарту дәстүрі таныстырылды.Бұл дәстүр – қонаққа деген ерекше құрметтің белгісі. Әр табақтың өз мәні мен мағынасы бар. Қонақтың жасына, дәрежесіне қарай арнайы… 

Наурыз мейрамы құтты болсын!

  • автор:

Наурыз мейрамы құтты болсын! 5–7 сынып оқушылары арасында «Наурыз-думан» атты мерекелік думан өтті. Шара барысында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, оқушылар өнерлерін көрсетіп, көңілді ойындар ұйымдастырылды.Мереке көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Амал мерекесі құтты болсын!

  • автор:

Амал мерекесі құтты болсын! Амал мерекесі – адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше дәстүрлі күн. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің мерекесі. Осынау шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық,… 

Күй күмбірі

  • автор:

Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында гзақ қоңырауда күй орындалады.